Фото: istockphoto.com

Қазақстандағы университтердің бірінде қауіпсіздік қызметінің басшысы лауазымын атқарған азамат еңбек шартын заңсыз бұзған басшылығымен соттасып, оларды жеңіп шықты, деп хабарлайды Todayinfo порталы.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот университет басшылығы еңбек заңнамасын өрескел бұзып, азаматты жұмысынан заңсыз айырды деген қорытындыға келген.

Іс материалдарына сенсек, азамат жұмысқа үш сағат кешігіп қалған. Осыны пайдаланған жұмыс беруші бір күннің ішінде күзетшінің сыртынан үш бірдей бұйрық шығарып жіберген:

  • 01лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ескерту және сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы;
  • 02бұрын тәртіптік жаза алған қызметкердің еңбек міндеттерін дәлелді себептерсіз қайтадан орындамауына байланысты еңбек шартын бұзу туралы;
  • 03бір жұмыс күні ішінде дәлелді себептерсіз үш сағаттан астам уақыт қатарынан жұмыс орнында болмауына байланысты жұмыстан босату туралы.

Сот анықтағандай, жұмыс беруші азаматтың үш сағат кешіккенін қызметтік құжаттармен бекітпеген. Кешіккені үшін қандай жаза қолданылатынын жазбаша ескертпеген. Күзет қызметінің басшысы оны жұмысқа қайта орналастырып, мәжбүрлі түрде жұмыссыз қалған уақытына өтемақы сұраған. Сот оның бүкіл талабын қанағаттандырды.