Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компанияларға бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат порталы.

««Жалпы, Президенттің бағдарламалық сұхбаты таяу болашақта біздің алдымызда тұрған мақсат-міндеттерді айқындап берді. Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар оларды табысты жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салып жұмыс жасауы керек. Сөзден іске кірісіңіздер. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже берулеріңіз қажет. Ал есеп беру, презентация жасау дегеннің бәрін доғарсаңыздар», – деді Үкімет басшысы.»

Оның айтуынша, нәтиже болмаса бәрі бос әңгіме.

««Жұмыс істей алмасаңыздар ашық айтыңыздар. Бұл мәселені шешеміз. Орынбасарларыма Президент тапсырмаларының орындалу барысын өз бағыттары бойынша үйлестіруді тапсырамын», – деді Премьер-министр.»