Қазақстанда жылдық инфляция қыркүйек айының қорытындысы бойынша 9,3 пайызға дейін баяулады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Инфляцияның баяулауы

Тамыз айында бұл көрсеткіш 9,8 пайыз болған. Вице-премьердің айтуынша, инфляцияның баяулауына азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынының төмендеуі едәуір әсер еткен. Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы айлық мәнде 0,1 пайызға төмендеді.

Халықтың нақты табысы

«Инфляцияны тежеу – үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жұмысының бір бағыты. Инфляцияның баяулауы аясында биылғы жылдың екінші тоқсанында халықтың нақты ақшалай табысының өсімі бірінші тоқсандағы 0,1 пайыздан 0,7 пайызға дейін өсті», – деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Экономикалық ахуал

Айта кетері, бұған дейін Қазақстан экономикасы теріс факторларға қарамастан өсіп жатқаны хабарланған болатын.