Америкалық актер Уолтер Кениг, «Жұлдызды жол» (Star Trek) түпнұсқа сериалында Чеховты сомдаған, 90 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кениг жексенбі, 25 қазанда Солтүстік Голливудтегі үйінде қайтыс болды. Соңғы минуттарында қасында қызы мен жиені болды.

«Бүгін біз Уолтер Кенигтің өмірден өтуіне қайғырып отырмыз, оның таланты, жан жылуы және ұмытылмас рөлдері әлемдегі бірнеше буын жанкүйерлердің жүрегінде із қалдырды», — делінген актердің өкілдерінің мәлімдемесінде.

Кениг «Энтерпрайз» жұлдыз кемесінің бортындағы навигация офицері Павел Чехов рөлінің арқасында танымал болды. Кейіпкер 1967 жылы түпнұсқа сериалдың екінші маусымында пайда болды. Шоу жасаушылар жас кейіпкер жасөспірім аудиторияны тартады деп күткен.

Актер Чеховты франшизаның жеті толықметражды фильмінде сомдады. Кениг сондай-ақ «Вавилон-5» ғылыми-фантастикалық сериалындағы Альфред Бестер рөлімен танымал. Ол 1994 жылдан 1998 жылға дейін шыққан шоудың 12 эпизодында түсті.

Актер теледидардағы дебютін 1962 жылы жасады. Мансабында ол сондай-ақ «Неприкасаемые», «Главный госпиталь» және «Час Альфреда Хичкока» сериалдарында түсті.