Фото: газета.ру

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында жантүршігерлік оқиға болды. 9-сынып оқушысы босанған, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Білім басқармасының мәліметінше, 14 жастағы оқушы 13 қазанда босанған.

««Жасөспірім бұған дейін үш рет медициналық тексеруден өткен: 13-18 наурыз аралығында аудандық ауруханада, 28 мамырда жазғы демалыс лагеріне тіркелу кезінде және 10 қыркүйекте ата-анасымен тексеру кезінде. Бұл жағдайлардың ешқайсысында дәрігерлер ерте жүктілік белгілерін тіркемеген», – деп хабарлады Ақтөбе облысының білім басқармасы.»

—

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

««Қазір оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар жүргізіледі. Полиция департаментінің басшылығы тергеу барысын қадағалап отыр», – деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.»

—

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат берілмейді.

Облыстық полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іске күдікті ретінде кәмелетке толмаған қыздың өгей атасы, яғни әжесінің күйеуі тартылды.