«Алматы – Қорғас» тасжолында бақылау аркасының бір бөлігін зақымдаған жүк көлігінің иесі шығынды өтеуге міндеттеледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға бүгін осы жолдың 120-шақырымында болған. «Shacman» жүргізушісі көліктің шанағын түсіруді ұмытып кеткен. Бақылау аркасының астымен өтіп бара жатқанда шанағы аркаға тиіп кеткен.
«ҚазАвтоЖол» мамандары оқиға орнына жедел жетіп, көлік қозғалысын қалпына келтірді. «Алдын ала ақпарат бойынша оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ», - дейді компания мамандары.
Қазіргі кезде полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Жүк көлігінің иесі зақымдалған арканы жөндеу шығынын өтеуге міндеттеледі.
