Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Құрылтайға ұсынылатын 8 депутатты таныстырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Партияның Президиум отырысында Қазақстан Республикасының Құрылтайында партия атынан өкілдік ететін сегіз депутаттың кандидатурасы бекітілді. Бұл туралы партия таратқан хабарламада айтылған.
Құрылтайға ұсынылатын депутаттар тізімі
- 01Асхат Рахымжанов
- 02Мақсұт Насибулов
- 03Нұрайнаш Камалова
- 04Лариса Ли
- 05Аслан Кульмагамбетов
- 06Арман Ақылбай
- 07Наурыз Сайлаубай
- 08Ажар Сагандықова
Сайлау қорытындысы
23 тамыздағы сайлау қорытындысы бойынша ЖСДП сайлаушылардың 5,11% дауысын жинады. Осыған сәйкес, Құрылтайдағы 145 мандаттың 8-і ЖСДП-ға тиесілі.
