Астанада 23 жастағы қыз әлеуметтік желіге вирустық ролик түсіру үшін жол белгісін пилон ретінде пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылық әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде анықталған. Жарияланған кадрларда қыз жаяу жүргіншілер өткелінің белгісіне шығып, оның айналасында билейді. Полицияның айтуынша, ол өз әрекеттерімен қалалық инфрақұрылым нысанын зақымдауға жақын болған және қоғамдық нормаларға немқұрайлылық танытқан.

«Құқық бұзушының жеке басы жедел анықталды. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен қызға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды», — деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаменті.

Бұған дейін «Курсив» Астанада блогердің полиция және әскери комиссариатпен пранк жасағаны үшін 10 тәулікке қамалғанын жазған болатын. Ал бұдан бұрын Семей тұрғыны автокөліктің капотында билегені үшін айыппұл алған еді.