Қазақстанда жол апатынан кейінгі сақтандыру төлемдеріне қатысты өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, заңнамаға енгізілген түзетуге сәйкес, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдері тек қолма-қол ақшасыз, банктік шоттарға аударылады.

Агенттік мамандарының айтуынша, банктік аударымдар және қаражатты есептеу бойынша шығыстарды сақтандыру ұйымы төлейді. Бұл сақтандыру төлемін комиссияны ұстамай толық көлемде алуды қамтамасыз етеді.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәртібі тікелей зардап шеккен адамның қаражат алуына кепілдік береді.

Бұл өзгеріс алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң, яғни 2026 жылғы 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.