АҚШ Жоғарғы соты президент Дональд Трамптың тумысынан азаматтық алу құқығын шектеу туралы ұсынысын қабылдамады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сот шешімі Трамп әкімшілігінің иммиграциялық саясатына ауыр соққы болды. Тумысынан азаматтық – АҚШ Конституциясының 14-түзетуіне сәйкес, АҚШ аумағында туылған кез келген адамға автоматты түрде берілетін құқық. Трамп бұл тәжірибені тоқтатуға тырысқан еді.
