Астанада қала күніне орай жілік сындырудан республикалық чемпионат өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Чемпионатқа үш облыс пен төтенше жағдайлар министрлігінің командасы қатысты. Жарыс төрт жас санаты бойынша өткізілді.

**18-37 жас аралығы:** - 1 орын – Төтенше жағдайлар министрлігі - 2 орын – Ақмола облысы - 3 орын – Солтүстік Қазақстан облысы

**38-49 жас аралығы:** - 1 орын – Ақмола облысы - 2 орын – Солтүстік Қазақстан облысы - 3 орын – Павлодар облысы

**50-61 жас аралығы:** - 1 орын – Солтүстік Қазақстан облысы - 2 орын – Ақмола облысы - 3 орын – Павлодар облысы

**62 жастан жоғары:** - 1 орын – Павлодар облысы - 2 орын – Солтүстік Қазақстан облысы - 3 орын – Ақмола облысы

Чемпионат Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.