Жасанды интеллект шенеуніктерге заңнамадағы қайшылықтарды анықтауға көмектеседі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Астанадағы AI & Digital Bridge форумында Q.AI бас директоры Дмитрий Мун мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа заң жобасы түскен кезде жасанды интеллект оның басқа заңдармен байланысын талдап, ықтимал жүйелік мәселелерді анықтап, оларды ескеруді ұсына алады.

«Жасанды интеллект қолданыстағы заңдармен қайшылықтарды да анықтап, тұжырымдарды қалыптастыруға көмектесе алады. Ал түпкілікті шешімді адам қабылдайды», — деді Дмитрий Мун.

Q.AI — Қазақстан мен қытайлық 01.AI компаниясының бірлескен кәсіпорны. Компания мемлекеттік органдар мен бизнеске арналған тілдік модельдер мен жасанды интеллект шешімдерін әзірлейді.

Сонымен қатар, форум аясында Тоқаев Sinovation Ventures бас директорымен мектептерге ЖИ енгізу мәселесін талқылады.