Жетісу облысының Ақсу ауданында жергілікті саудагерлер арасындағы тұрмыстық жанжал төбелеске ұласып, нәтижесінде әйелдердің бірі ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның видеосын «Криминальный Казахстан» Telegram-арнасы таратты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кадрларда жанжалға қатысушылардың бірі жерде жатқан әйелге жақындап, оның бетіне аяғымен тепкілегені көрінеді. Дәл осы сәтте қасында полиция қызметкері тұр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жанжалдың себебі сатып алушылар үшін бәсекелестік болуы мүмкін. Жағдай сатушылардың бір бөлігі арнайы жабдықталған базарға ауыстырылғаннан кейін ушыққан.

Төбелес салдарынан әйелдердің бірі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жетісу облысы полиция департаментінде ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті мен жәбірленуші бұрын таныс болған.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беруге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.

Тергеу қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Бұған дейін «Курсив» Ақтөбе облысында 26 жастағы ер адам тойға қонақ ретінде барып, төбелестен кейін қайтыс болғанын жазған болатын. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.