Жетісу облысында екі Chevrolet Cobalt автокөлігі соқтығысып, 6 адам көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тағы бір адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлады облыстық полиция.

Қайғылы оқиға "Сарыөзек – Көктал" автожолының 110-шақырымында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша автокөліктердің бірінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, қарсы бағытта келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан", - деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.