Фото: zakon.kz

Бүгін, 26 қарашада Жетісу облысында жер асты дүмпулері тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында болды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, «Сейсмологиялык зерттеу институтының» сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 26 қараша Астана уақыты бойынша 7 сағат 15 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 километр жерде орналасқан.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің сезілу күші Жетісу облысы Сарыөзек ауылында 2 балға жеткен.

««Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы мәлімет түскен жоқ», — делінген министрліктің ресми хабарламасында.»