Жетісу облысы Ескелді ауданы Бахтыбай ауылында төрт пәтерге арналған барак типті үйде өрт шығып, үш бала қаза болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өрт 25 қыркүйек күні таңертең болған. Өрт туралы хабарлама сағат 07:34-те түскен. Өрт бір пәтерді шарпып, шамамен 70 шаршы метр аумақты қамтыған.
Үш бала үй ішінде қалып қойған. Келген құтқарушылар өртті сөндіру кезінде олардың денелерін тапқан. Қаза тапқандардың жасы бір, алты және сегізде болған.
Анасы 13 жасар баласымен бірге үйден шығып үлгерген. Өрт сағат 08:17-де оқшауланған. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен бес бірлік техника жұмыс істеген.
Бұған дейін «Курсив» Уральскіде қоқыс полигонында өрт сөндіріліп жатқанын жазған болатын.
