Жетісу облысында жаңа оқу жылына дайындық барысында 312 білім беру ұйымы тексерілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру барысында 162 мектептен санитарлық талаптарды бұзу фактілері анықталды. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды.

Облыстық білім басқармасы мәліметті жоққа шығармады. Ведомствоның хабарлауынша, Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жаңа оқу жылына дайындық деңгейін зерделеу мақсатында жоспарлы мониторинг жүргізген.

«Нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, қазіргі таңда барлық кемшілік толық жойылды», – деп хабарлады Жетісу облысының білім басқармасы.

Айта кетейік, тексеру жұмыстары шілде айында жүргізілген.