Жетісу облысындағы Алматы – Өскемен тасжолында ірі жол-көлік оқиғасы болып, бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Көксу ауданындағы Алғабас ауылының маңында болған. Мұнда бір жүк көлігі мен үш жеңіл автокөлік соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан екі адам зардап шеккен. Олардың біреуін көліктің ішінде қысып қалған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар зардап шегушіні көліктен шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
