
««Жетісай ауданының тұрғыны Әл-Фараби Күзенбаев бірнеше жылдан бері диханшылықпен айналысып келеді. Абай ауылдық округіндегі 45 гектар жеріне диханшылық жасап, «Әл-Фараби» шаруа қожалығын ашқан. Жылдағы әдеті бойынша биыл да өнімін өзгелерден ерте нарыққа шығарып отыр», — деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.»
—
««Биыл қауынымыз жылдағыдан сәл кештеу пісті. Сұраныс та жақсы. Ағын судан қиыншылықтар болғанымен, тапшылық сезілмеді. Алғашқы өнімдерімізді Ресейге экспорттап жатырмыз. Ол жерде баға қауынның келісіне 600 теңге. Ешқандай делдалсыз өнімді егістік басынан өзіміз көліктерге тиеп, жіберіп жатырмыз», – дейді «Әл-Фараби» шаруа қожалығының төрағасы Әл-Фараби Күзенбаев.»
—