Әнші Индира Елемес желіде марқұм Арман Дүйсеновтің жарына қатысты жазба жариялап, өзіне бағытталған айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің айтуынша, оның сұхбатындағы сөздер бұрмаланып, қоғамдық пікірдің қате қалыптасуына себеп болған.

Стористе жарияланған мәтінде Индира Елемес былай деп жазады:

«КТК арнасы неге қазбаламайсыздар? Менің аузымнан “студияда қайтыс болды” деген сөз шықпады. Олай бұрмалаудың қажеті жоқ. Егер керек болса, материалдарды КТК арнасынан көресіздер — бәрі қалай айтылғаны бар. Жетер енді, не үшін бұл жерде тұрды, күйеуіңіз туралы айтпадыңыз ба? Менің айтпаған сөзіме қайта-қайта жабысудың қажеті жоқ. Өмір сүріңіз өз жолыңызбен. Материалды фактімен алып, содан кейін ғана жариялаңыз!» — деп жазады әнші.