Ғалымдар Жерде күшті магниттік дауыл басталғанын хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Магниттік дауылдың салдарынан байланыс жүйелерінде ақаулар болуы мүмкін. Дауылдың күші G4 деңгейіне жеткен. Бұл өте күшті дауыл санатына жатады.

Мамандардың айтуынша, дауыл бірнеше күнге созылуы мүмкін. Халыққа сақтық шараларын сақтау ұсынылады.