Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде шикізатты өңдеу көлемін 2030 жылға қарай екі есеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жеңіл өнеркәсіпті 2030 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Жоспар отандық өндірушілерді қолдау, көлеңкелі импортқа қарсы күрес, инвестиция тарту және қазақстандық брендтерді дамыту бойынша 28 іс-шараны қамтиды.

"2030 жылға қарай шикізатты қайта өңдеу көлемін 1,5-2 есе арттыру, 40 мыңға жуық жұмыс орнын ашу және 35 инвестициялық жобаны жүзеге асыру міндеті тұр", - деді Жұманғарин.

Сонымен қатар кәсіпорындарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтіліп, өнімді сертификаттау құнын төмендету жоспарланған.