Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп тауарларын міндетті цифрлық таңбалау 2026 жылдың 1 желтоқсанынан бастап кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл шара ЕАЭО елдерінің тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімі талаптарын орындау аясында жүзеге асырылады. Ақпаратты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі таратты.

Бірінші кезең

2026 жылдың 1 желтоқсанынан бастап бірінші кезеңде былғары және жасанды үлбірден жасалған бұйымдар, киімдердің жекелеген түрлері, шаңғы костюмдері, сондай-ақ кейбір тоқыма бұйымдары таңбаланады. Бұл туралы хабарламада нақты көрсетілген.

Екінші кезең

2027 жылғы 1 наурыздан бастап сырт киімнің жекелеген түрлері, жейделер, свитерлер, пуловерлер және басқа да тауарлар міндетті таңбаланады.

Үшінші кезең

Ал 2027 жылғы 1 қазаннан бастап бұл талап костюмдерге, пиджактарға, көйлектерге, белдемшелерге, шалбарларға, спорттық костюмдерге және басқа да киім түрлеріне қатысты болады.

Таңбалау тетігі

Әр тауарға бірегей Data Matrix коды түсіріледі. Сатып алушылар Naqty Onim қосымшасы арқылы кодты сканерлеп, өнім туралы ақпаратты тексере алады.

Мақсаты

Таңбалаудың негізгі мақсаты – заңсыз айналым мен контрафактілік өнім көлемін азайтып, нарықтың ашықтығын арттыру.