Transparency International халықаралық ұйымы жариялаған «Жемқорлықты қабылдау индексінің» 2025 жылғы қорытындысы бойынша Қазақстанның көрсеткіші нашарлап, 182 елдің ішінде 96-орынға сырғыды, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

Еліміз 100-ден 38 балл жинап, өткен жылмен салыстырғанда екі ұпай жоғалтқан. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Эфиопия және Суринам сияқты елдермен бір қатарда тұр.

Рейтингте Қазақстанға жақын орналасқан мемлекеттер қатарында Колумбия, Доминикан Республикасы, Гамбия, Лесото, Замбия, Мальдив аралдары, Марокко және Тунис бар.

Сарапшылардың есебі елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту қажеттігін көрсетеді.

Фото: Әлеуметтік желіден