Фото: коллаж qazaqyia.kz/

Әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың кезекті концертіндегі сөзі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды qazaqyia.kz/.

Көрермен алдында әзілмен сөйлеген ол соңғы күндері тараған «тоқал» жайлы әңгімелерге тұспалдап жауап берді.

Видео авторларының айтуынша, Қабатов көпшілікті күлдіріп, бірақ астарлы сөз қалдырған.

««Самобуллинг деген осы шығар», – деп пікір білдірген қолданушылар да бар.»

Желіде тараған үзіндіде ол: «Қазір әлеуметтік желіні шулатып жатқан — актриса Дариға Бадықова. Оның алдында мен», – деп сөйледі.

Бұл мәлімдеме қоғамда жаңа сұрақтар туғызды.

Оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берілмегенімен, жұртшылық талқысы басылар емес.