2026 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстанның жедел медициналық жәрдем қызметі 5,2 миллионнан астам шақыртуға қызмет көрсетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, бұл – тәулігіне шамамен 25 мың шақырту. Хабарламада: "Әрбір осындай көрсеткіштің артында аман алып қалған өмірлер, пациенттерге дер кезінде көрсетілген көмек және еліміздің түкпір-түкпірінде тәулік бойы қызмет атқарып жүрген мыңдаған медицина қызметкерлерінің еңбегі тұр", - делінген.
Бүгінде еліміз бойынша 20 дербес жедел медициналық жәрдем станциясы, 92 қалалық қосалқы станция және 189 аудандық бөлімше жұмыс істейді. Осының арқасында шұғыл медициналық көмек ірі қалалардың тұрғындарына да, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға да қолжетімді.
Тәулігіне кезекшілікке 1 669 көшпелі бригада шығып, тәулік бойы көмек көрсетуге дайын тұрады. Жедел әрекет ету үшін 2 728 жедел медициналық жәрдем автокөлігі пайдаланылады. Оның ішінде 1 733-і қалаларда, ал 995-і ауылдық жерлерде қызмет көрсетеді.
