Фото: orda.kz
Шымкентте қала басшысының бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі апелляциялық сотқа берілді. Жамбыл жұртты дүрліктірген қылмыстық іс қайта қаралып жатыр, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
Айыпталушының әкесі Жиембай Пралиев соттан баласы Ернар Жиембайдың жазасын жеңілдетіп, бостандыққа шығаруды сұрайды.
«“Прокуратура заңды қадағалаушы орган ретінде іс әрекетін Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 1-бөлігімен қайта саралады. Бұл бап бойынша кінәлі деп танып, ішінара мойындауына байланысты ең төменгі жаза тағайындауды сұраймын”, – деді.»
—
Айта кетейік, биыл сәуірде Шымкент әкімдігінің алдында Руслан Берденов оққа ұшқан еді. Сол кезде “Адам өлтіру” бабымен Тұрғын үй Шымкент компаниясының басшысы 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда қос тарап бұл жазаға келіспей, сотты апелляцияға берген.
Сотталушының адвокаттары оқ шенеунікке емес, аспанға атылды деп ақталса, жәбірленуші жақ іс 99-баптың басқа бөлімі бойынша қаралуын қалайды. Бұл бап бойынша жаза мерзімі 15 жылдан өмір бойына дейін қарастырылған.
Қанды оқиғадан кейін денсаулығы нашарлаған Руслан Берденов соттың бірде-бір отырысына барып қатыспаған, тек онлайн ауруханадан қатысуға мүмкіндігі болды.