Қазақстанда адам папилломасы вирусына (ВПЧ) қарсы тегін вакцинация жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде 11–13 жастағы 265 мыңнан астам қызға екпе салынды. 14–17 жас аралығындағы қыздар ерікті түрде вакцина ала алады. Адам папилломасы вирусы – жатыр мойны обырының негізгі себептерінің бірі. Вакцина вирус жұқтырғанға дейін салынса, ең жоғары тиімділік береді. Қазақстандағы жекеменшік клиникаларда вакцинаның бір дозасы 90 мыңнан 138 мың теңгеге дейін тұрады. Ал мемлекеттік бағдарлама аясындағы тегін вакцинацияның арқасында ата-аналар екі дозадан тұратын толық курс үшін кемінде 180 мың теңгені үнемдейді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Sputnik Kazakhstan
Дереккөз
Талқылау · 0 пікір
Markdown қолданылады · модерация: 1-2 сағ
