Фото: видео скриншот

Танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ретінде танылған Айман есімді келіншек желідегі парақшасында әзілкешпен бірге концерт дайындығында жүрген видео жүктеді, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада ол Тұрсынбектің гастрольдік сапарларында онымен бірге жүргені белгілі болды.

Тіпті Тұрсынбектің өзін ашық түсіріп, жүктеген. Өздерінің қарым-қатынастарын жасырмағаны халықты дүр сілкіндірді.

««Қасынан қалмайды екен», «Рас па сонда? Пиар деп жүрсек», «Өз жұмысың жоқ па», «Ашықтан ашық көрсетейін деді ме», «Жасырмайтын болыпты ғой», — деп жазды жұрт.»

Ал Айманның өзі көпшілікке «Әр нәрседен қашан да мін іздейтін адамдар-ай!» деп жазған.

Сондай-ақ ол Тұрсынбек Қабатовтың інісі Елнұр Наурызбекті «қайын інім» деп атап жүргені белгілі болды.