Екатеринбургте өтіп жатқан Халықаралық жастар фестиваліне әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастардың қатысуы Ресейді оқшаулауға бағытталған ақпараттық әрекеттерді бұзады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл мәлімдемені Ресей президентінің Қоғамдық жобалар жөніндегі басқарма басшысы Сергей Новиков жасады, деп хабарлайды РИА Новости.

Новиковтың айтуынша, фестиваль аясында Орал федералды университетінің (ОрФУ) аумағында «Мәдени код аллеясы» салтанатты түрде қаланды.

«Ресей – мүмкіндіктер елі. Қатысушылар мұны сахнада айтып жатыр және бұл шындық болғандықтан, олар мұны айтудан қысылмайды. Сондықтан, менің ойымша, елімізді оқшаулау әрекетіне қарсы тұрудың ең жақсы жолы – адамдар келіп, Ресейдің қалай дамып жатқаны туралы өз пікірлерін білдіруге дайындалуы», – деді Новиков тілшілерге.

Халықаралық жастар фестивалі 11-17 қыркүйек аралығында Екатеринбургте өтеді, оған 191 елден 10 мың адам қатысады.