«Қазақмыс» корпорациясы биыл цифрлық технологияларды қолдану арқылы 20 геологиялық барлау жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы инвестиция көлемі 18,2 млн АҚШ долларын құрайды. Қазіргі таңда цифрлық шешімдер геологиялық деректерді жинаудан бастап, кернді зерттеуге, бұрғылау техникасын онлайн бақылауға және цифрлық геологиялық модельдер құруға дейінгі барлық негізгі үдерістерді қамтиды.
Бірыңғай цифрлық орта қалыптастырылып, 50 бірлік техникаға онлайн-мониторинг енгізілді. Шалғай нысандарда Starlink спутниктік байланысы іске қосылуда. Ал Жезқазғандағы Геологиялық кластерде ANCORELOG және LithoLens жасанды интеллект кешендері қолданылуда.
