Полиция қызметкерлері азаматтарды жасанды интеллект көмегімен жасалатын алаяқтықтан сақ болуға шақырады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алаяқтар жасанды интеллект арқылы адамның дауысын және сыртқы бейнесін қолдан жасап, бейнеқоңырау кезінде жәбірленушіге өзін туысы немесе жақын адамы ретінде таныстыруы мүмкін. Әдетте олар шұғыл ақша қажет екенін айтып, қаражатты дереу аударуды сұрайды.

Алаяқтықтан қорғайтын 5 қарапайым ереже

Полиция алаяқтықтан қорғайтын қарапайым 5 ережені ұсынды:

  • 01Шұғыл ақша аудару туралы өтінішке бірден сенбеңіз.
  • 02Қоңырауды тоқтатып, жақын адамыңызға өзіңіз қайта хабарласыңыз.
  • 03Отбасы мүшелерімен алдын ала құпия сөз немесе бақылау сұрағын келісіп алыңыз.
  • 04Банк картасының деректерін, SMS-кодтар мен құпиясөздерді ешкімге бермеңіз.
  • 05Күдік туындаса, полицияға хабарласыңыз.

Ақша аудармас бұрын ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз. Бір минуттық тексеру қаржылық шығынның алдын алуы мүмкін.