Жапонияның Кюсю аймағында магнитудасы 7,1 болатын күшті жер сілкінісі болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жапония метеорологиялық агенттігінің (JMA) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы тереңдігі шамамен 30 шақырымды құраған. Цунами қаупі жоқ деп хабарланды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен материалдық шығын туралы ақпарат жоқ.
