Жапонияның Кюсю аралында 28 шілдеде күшті жер сілкінісі болды, нәтижесінде 150 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жер сілкінісі электр жарығының өшуіне, жолдардың бүлінуіне, қамал қабырғасының бір бөлігінің құлауына және жаяу жүргіншілер көпірінің қирауына себеп болды. 40 мыңнан астам үй электр қуатынсыз қалды. Кумамото префектурасындағы қағаз фабрикасында мұржа құлап, бірнеше адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Жапонияның қоғамдық телерадио хабарларын таратушы NHK полицияға сілтеме жасап.
