Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 адамға жетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті биліктің жаңа мәліметіне сәйкес, префектурада 210 эвакуациялық пункт ашылып, онда 9,2 мыңнан астам адам орналасқан. 1590 үй жарықсыз, 46,8 мың үй сусыз, ал 8,7 мың үй газсыз отыр.
3,4 мың ғимарат зақымданды, оның ішінде 181 ғимарат толығымен қираған. Сейсенбі күні Кюсю аралындағы Кумамото префектурасы аумағында магнитудасы 7,1 балдық жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің ошағы 16 шақырым тереңдікте орналасқан.
