Жапониядағы ең танымал қамалдардың бірі сейсенбі күні Кюсю аралында 7,1 балдық жер сілкінісі болған кезде зақымданды. Әуесқойлық бейнежазбада Кумамото қамалының тас қабырғасының бір бөлігі құлап, шаң-тозаң көтерілгені көрсетілген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жер сілкінісінен кейін құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Қаза тапқандар саны 13-ке жетті. Жер сілкінісі салдарынан Яцусиро қаласындағы Яцухиро храмының шатыры құлап, көпірлер мен үйлер қирады. Касима қаласындағы AEON сауда орталығы жарылыстан қирап, әуеден түсірілген суретте көрсетілген. Жер сілкінісі Кумамото префектурасында болған.
