Жапонияның орталығындағы Ното түбегі мен оның маңындағы аудандарда болған зілзаладан 24 адамның қаза тапқаны расталды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ Kyodo агенттіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің магнитудасы 7,6 балл болды.

««Көліктердің Ното түбегінің солтүстік бөліктеріне өтуі өте қиын», — деді премьер-министр Фумио Кишида баспасөз мәслихатында.»

Сонымен қатар, ол үкімет кемелер арқылы көмек жеткізуді үйлестіріп жатқанын айтты.

Сондай-ақ, 1000-ға жуық құтқарушы көмек көрсету жұмыстарына қатысуда.

Жапон метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі Вадзима қаласынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 30 шақырымдай жерде болған. Тереңдігі – 16 шақырымды. Бұл – елдің сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша максималды 7 магнитудасы. Мұндай магнитудалық жер сілкінісі соңғы рет 2018 жылы Хоккайдо қаласында тіркелген.