Жапонияның қорғаныс министрі соғыс құрбандарына арналған даулы Ясукуни храмына барды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ясукуни храмы Жапонияның әскери дәстүрлерімен байланысты және Азия елдерінің наразылығын тудырады, себебі онда соғыс кезіндегі әскери қылмыскерлер ретінде танылған адамдар да еске алынады. Министрдің бұл қадамы халықаралық деңгейде даулы пікірлер тудыруы мүмкін.
