Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи X әлеуметтік желісіндегі жазбасында түнде 0-ден 3 сағатқа дейін ұйықтайтынын айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

BBC-дің Токиодағы тілшісі Куруми Моридің түсіндіруінше, бұл мәлімдеме Жапонияның жұмыс мәдениеті туралы қоғамдық пікірталас тудырды. Такаичидің ұйқы режимі елдегі қатаң еңбек этикасы мен демалуға уақыттың аздығы мәселесін көтерді.