Қазақстандағы Жапония елшілігі виза беру жүйесі өзгеретінін ескертті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
23 қыркүйектен бастап визаға өтініш беруге арналған нөмірлі талондар беру жүйесі енгізіледі.
Талондар өтініш қабылданатын күні сағат 9:30-дан бастап елшіліктің күту залында беріледі.
«Талон алған адамдар күту залында отырмай, кез келген уақытта сағат 12:00-ге дейін қабылдау терезелеріне келіп, өтініш тапсыра алады. Нөмірлі талон визаға өтініш беру құқығын беретінін, алайда қабылдау кезек бойынша жүзеге асырылатынын ескертеміз», — дейді елшілік мамандары.
Талон тек берілген күні ғана жарамды. Ал визаға өтініш беру нәтижелерін алған кезде талон қажет емес.
Елшілікте дүйсенбі және жұма күндері адам көп болады.
Талонсыз қабылданатын өтініштер:
- 01Жапония үкіметі немесе мемлекеттік мекемелерінің шақыруына негізделген виза өтініштер;
- 02Жапонияда медициналық ем алу мақсатындағы виза өтініштер;
- 03Вербалды нота арқылы тапсырылатын виза өтініштері.
