Қызылорда облысының әкімдігі «Бурабай-Жалғызағаш» тау-кен байыту комбинатының құрылысы ресми түрде басталғанын хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауқымды әрі заманауи жобаны «Liaoning Hongda Group» компаниясы Жаңақорған ауданындағы Шалқия кентінде жүзеге асырып жатыр. Тау-кен байыту комбинатының құрылысына 138 млрд теңге қарастырылған.

Жоба толық іске қосылғанда жылына 210 мың тонна қорғасын-мырыш шикізатын және 20 тонна күміс өндіру жоспарланып отыр. Ең бастысы, 550-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Тау-кен байыту комбинатын алдағы екі жыл ішінде салып, 2028 жылы толық аяқтау жоспарланған.