Жаңа Зеландияның Солтүстік аралының шығыс жағалауында магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Германияның геологиялық зерттеулер орталығы (GFZ) бұл туралы хабарлады. Жер сілкінісінің дәл уақыты мен эпицентрі туралы толық ақпарат әзірге жоқ.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен материалдық шығын туралы мәліметтер түспеген. Жергілікті билік жағдайды бақылап отыр.
