Қазақстанда жаңа оқу жылында 57 жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңадан ашылған мектептерде барлығы 62 мың оқушы білім ала алады. Соның арқасында қолданыстағы мектептердің жүктемесі де азаяды.
Жаңа мектептердің басым бөлігі Алматы қаласында, Батыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе және Түркістан облыстарында ашылды.
"Оларда оқу сабақтарын өткізуге, спортпен шұғылдануға, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық және техникалық дағдыларын дамытуға қажетті жағдайлар қарастырылған", - дейді оқу-ағарту министрлігінің мамандары.
Айта кетері, 2026-2027 оқу жылында 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн бала білім алады. Соның ішінде 380 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады.
