Фото: stan.kz

Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиін аман-есен дүниеге әкелді, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Желі жұлдызы жеке парақшасында сүйінші жаңалықты жариялады.

«“Біз сені күттік, Бөбегім. Мен тірімін. Бізде бәрі жақсы. Қасымнан табылған жан жарыма рақмет”, – деп жазды блогер.»

Желі қолданушылары блогерлер отбасын жаппай құттықтап жатыр.

«“Бауы берік болсын”, “Қандай күшті жаңалық”, “Сылдырмақ аға болып жатыр”, “Айжұлдыздың аман-есен жаны қалғанына қуаныштымыз”, “Алла денсаулық берсін”, – деп жазды көпшілік.»