Жамбыл облысында балағат сөз айтқаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған стример келіншекті психикалық орталыққа жатқызуға шешім қабылданды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Байзақ ауданының 41 жастағы тұрғыны Лайло Қасымова TikTok әлеуметтік желісінде "Золотая женщина" лақап атымен танылған. Ол бұған дейін тікелей эфирде балағат сөз айтқаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция оған бірнеше рет ескерту жасаған. Бірақ профилактикалық жұмыстарға қарамастан, әйел ол әрекеттерін жалғастыра берген. Ол тіпті кәмелетке толмаған балаларын да тікелей эфирде балағаттаған.

"Жедел медициналық жәрдем бригадасының тексеруінен кейін Лайло Қасымова ем қабылдау үшін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды", - дейді полицейлер.

Балалар әкесінің қарауында қалды.