Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аралас қауіпсіздік жөніндегі «№67 мекемесі» тыйым салынған заттарды сотталушыға беру әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мекеменің жедел-режимдік бөлімінің қызметкерлері қабылдау пунктінің бақылаушыларымен бірлесіп, азамат жеткізген азық-түлікті тексеру кезінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды анықтады.

«Сусабын бөтелкесінің ішінен белгілі бір иісі бар ақ ұнтақ зат табылды, болжамды салмағы шамамен 1-2 гр. Сонымен қатар, үш SIM картасы тәркіленді. «Сыйлық» мекемеде сотталғанға берілгені анықталды», — делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алынған заттар оралған және мөрленген, сот-химиялық сараптама тағайындалған.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүріп жатыр.