Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл және Түркістан облыстарында жер сілкінісі болғанын хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша, жер сілкінісі 27 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 18:34-те тіркелген. Екі аймақта да магнитудасы 2,0 болды, жер дүмпуінің эпицентрі Ауғанстанда орналасқан.