Қызылорда облысында жануарға қатыгездік көрсеткен ер адам жауапқа тартылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде мысықты аяусыз тістелеп, оған қатыгездік көрсеткен. Оқиға 21 қыркүйекте болған.
Полиция қызметкерлері жедел түрде бейнежазба бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Жануарға қатыгездік жасаған адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
«Ол 43 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны Серік Кетенов болып шықты. Оған айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды», — дейді полицияда.
Бұдан бөлек, оған мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ресми ескерту жасалды.
