Жамбыл облысында әскери қызметкер Еркебұлан Рүстемұлының қазасына қатысты іс сотқа жөнелтілді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Бас әскери прокуратура рота командирін қызметіне салғырт қарады деп айыптап отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, офицер бөлімшедегі тәртіп пен қару-жарақты бақылауды әлсіретіп алған.
Сонымен қатар оған марқұмның басқа да қызметтестеріне қатысты билігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.
Қайғылы оқиға биыл 27 қаңтарда Гвардейск гарнизонында болған. Сарбаз кезекшілік кезінде оқ тиіп, қаза тапты.
«Прокурорлар оқиғаға рота командирін тікелей кінәлі деп санаса, офицердің туыстары бұл айыппен келіспейді. Олар командирдің әрекеті мен сарбаздың өлімі арасында ешқандай байланыс жоқ деп есептейді.»
—
Сарбаз өлімінің басқа да мән-жайларын тергеу әлі жалғасып жатыр.
