Батыс Еуропа — Батыс Қытай трассасында болған жол-көлік оқиғасында жаяу жүргінші ауыр жарақат алып, аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Telegram-арнасы Нalyqstan мәліметінше, 15 тамыз кешкі уақытта трассада автокөлік сиырды қағып кеткен. Ер адамдар жолдан өлексені алып тастамақ болған кезде, олардың бірін «Rav-4» маркалы автокөлік қағып кеткен. Рөлде болжам бойынша бұрынғы Мәжіліс депутаты Бакытжан Базарбек отырған.
«Курсив» аймақтық полиция департаментіне сұрау жолдады. Ведомство ЖКО фактісін растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі, азамат Б., жолдың жүру бөлігінде тұрған ер адамды қағып кеткен. ЖКО нәтижесінде зардап шеккен адам орталық аудандық аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды», – делінген хабарламада.
ДП-да қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Кейбір деректер бойынша, зардап шеккен ер адам қазір реанимацияда ауыр жағдайда жатыр. Оған жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, жабық пневмоторакс, жабық білек сынығы және ашық жіліншік сынығы диагноздары қойылған.
